Халықаралық интеграция

Н.Нығматулин: Қазақстан әлем елдерімен жаңа технологияларды дамыту саласында ынтымақтасуға дайын

Қазақстан әлем елдерімен жаңа технологияларды дамыту саласында ынтымақтасуға дайын, деді Азия парламентаралық форумы барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 12:03

«Қазіргі таңда Қазақстанда  Елбасының  5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі  «100 нақты қадам»  іске асырылып жатыр.  Бұл жоспарда көрсетілгендей,  елде инновациялық саясат   қоғамның бәсекелестігін өсірудегі  экономикалық дамудың  негізі  болып табылады. Аталмыш жолда біздің ел  индустриялды - инновациялық  дамудың бесжылдығын жүзеге асырып жатыр, қазіргі таңда  аталмыш бағдарламаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда», - деді ол.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, біздің ел әлем елдерімен жаңа технологияларды дамыту саласында  ынтымақтасуға  дайын, Бұл орайда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитін Астанада өткізу  ұсынысы өте орынды.

«Аталмыш саммит  ғылым мен инновацияны дамытуда  халықаралық байланысты нығайтуға жаңа серпін береді. Аталмыш бағытта ислам әлеміндегі  экономикалық даму мен ғылым және технология, халықтың әлеуметтік  жағдайының   нығайғаюына  көңіл бөлу қажет», - дед ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика