Халықаралық интеграция

ОА елдерінің СІМ басшылары өңірдегі қауіпсіздік қауіптерімен бірлесіп күресуге толық дайын екендерін мәлімдеді

Биыл Орталық Азияның барлық елдері Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеп жатыр. Бұл кезеңде өңір елдері саяси жүйедегі жаңғырту мен мемлекеттік басқару, бірлескен экономика құру, әлеуметтік-экономикалық және демократиялық даму, дінаралық және этникаралық келісімді нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Әлемде26 Қыркүйек , 15:18

Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Орталық Азия аймағында қауіпсіздік  пен тұрақтылық қауіптеріне қарсы бірге күресуге дайын екендерін жеткізді. Оның ішінде лаңкестік пен діни экстремизм, есірткіні заңсыз саудалау,  шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен Орталық Азия аймағын ядролық қарудан еркін ету мәселелері бар.

Сондай-ақ,  саясат, қауіпсіздік,  бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту салаларында  екіжақты және көпжақты  өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға  терең қызығушылық бар екені аталып өтті.

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлігінің  басшылары Қазақстанды 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанымен құттықтап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы еңбекте сәттілік тіледі.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов  БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан  Орталық Азияның ортақ  қызығушылықтарын Кеңес алаңында алға тартып,  Орталық Азия аймағының қауіпсіздік пен тұрақтылықты дамытудағы ерекше белсенділігін алға тартатындығын айтты.

Сондай-ақ, тараптар  2016 жылдың  18-19 қазанында Ташкентте  «Оқыту мен ағартушылық:  бейбітшілік пен жасампаздыққа жол»  ұранымен  өтетін   ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 43-ші сессиясына дайындық мәселелерін талқылады.

Тараптар Орталық Азияда ынтымақтастық пен өзара түсінушілікті нығайту үшін сыртқы істер ведомстволары басшыларының  жиі кездесу өткізіп тұруының маңыздылығын атап өтті. 




Яндекс.Метрика