Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Бекназаров: Құжаттардың басым бөлігі жеке сот орындаушыларына беріліп жатыр

Жеке сот орындаушыларының құзыретіне құжаттардың басым бөлігі беріліп жатыр, тек мемлекет назарындағы жер учаскелерін алу, сыру және үйден шығару мәселелері бойынша құжаттар тапсырылмады. Бұл туралы Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров «Сот актілерін орындауды заңнамамен қамтамасыз ету. Жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында айтты.
Нұр-Сұлтан 23 Қыркүйек, 11:08

«Атқарушы өндірісті қайта жаңғыртудың басты жетістігі  биыл  Халықаралық сот орындаушылары одағының құрамына  жеке сот орындаушыларының қабылданғаны болды. Жалпы, жеке сот орындаушысының  қазақстандық моделі  атқарушы өндіріс жүйесінің   құрамына  қосылуда», - деді Б.Бекназаров.

Палатаның вице-спикері айтқандай, Ұлт жоспары-  «100 нақты қадам»  аясында 27- қадам  қарастырылған , ол жеке сот орындаушыларының қызметін  дамытуды одан әрі қамтамасыз етіп, мемлекеттік сот орындаушылары  санының біртіндеп  азаюын қадағалайды.

«Бұл орайда жеке сот орындаушыларының құзыретіне  атқарылатын құжаттардың басым бөлігі беріліп жатыр, тек мемлекет  назарындағы  жер учаскелерін алу, сыру және үйден шығару мәселелері бойынша құжаттар тапсырылмады», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет меморгандардың  ақпараттық жүйелерінде  тұлғалық мәліметтер  заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті   арттыру бойынша  жеке сот орындаушыларының  тиімділігін қамтамасыз ету үшін  бірқатар шаралар қабылдап жатыр.  

«ЖСО олардың жұмысында  коллекторлық ұйымдардың теріс  әдістері жіберілмеуі керектігін ескеркені дұрыс», - деді Б.Бекназаров.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика