Ұлттың денсаулығы

Қазақстандағы медициналық ұйымдарда АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілуде - ДСӘДМ

Қазақстандағы эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдау нәтижесінде медициналық ұйымдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілді.
Казахстан22 Қыркүйек , 09:13

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда еліміздің барлық стационарлары мен емханаларында инфекциялық бақылау бағдарламалары бар. Сонымен қатар, медициналық бұйымдар мен инфузиондық ерітпелерді бір рет қолдану қамтамасыз етіліп, жеке қорғану заттары  және т.б. қолданылуда.  

Сонымен бірге, эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейту, сондай-ақ, АИТВ-ны кәсіби жұқтырудың профилактикасы мақсатында 2015 жылы «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ Бұйрығына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сай, қанмен және өзге де биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер жылына 2 рет АИТВ-ға тексерілуі міндетті.

Қолданылған шаралар нәтижесінде АИТВ-ны анықтау мақсатында тестіленетін медициналық қызметкерлер контингентінің ұлғаюына сәйкес 2016 жылдың 1 жартыжылдығында медициналық қызметкерлерді тексеру 1,8 есеге артты, 2015 жылмен салыстырғанда медициналық қызметкерлер арасында АИТВ тіркелген жағдайлар 4,4 есеге ұлғайған.

Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы Кодексінің 113 бабына сәйкес, АИТВ инфекциясы анықталған медициналық қызметкерлер терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуымен байланысы жоқ басқа жұмысқа ауыстырылады.

Жоғарыда аталған шаралар барлық медициналық амалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, республиканың медициналық ұйымдарындағы АИТВ-ны жұқтыру қаупін төмендетіп, халық арасындағы АИТВ инфекциясын анықтау көрсеткішін арттырды, сонымен қатар, антиретровирустық терапия тасымалдаушыларын уақытылы емдеуді қамтамасыз етті.

Антиретровирустық терапияны қабылдайтын АИТВ инфекциясын тасымалдаушылар қоғам үшін ешқандай қауіп төндірмейтінін атап айту керек. Емдеу шаралары вирусты жұқтыру қаупін төмендетіп, тасымалдаушыларға дені сау нәресте тууға, қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика