Инновациялар

Қазақстанда ақбөкендердің көші-қонын спутник арқылы бақылайтын болады (ФОТО)

Қазақстанда жануарлардың көші-қон жолының өзгеруін білу үшін 25 ақбөкенге спутниктік қарғабау тағылады, деді АШМ орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасы орынбасарының қызметін атқарушы Нариман Жүнісов Астанадағы брифингте.
Нұр-Сұлтан 21 Қыркүйек, 17:13

Қазақстанда ақбөкендерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Елде  аталмыш жануардың  3 түрі шоғырланған,  олардың  жалпы саны  108 мыңды құрап отыр.

«Олардың қырылуының басты себебі пастереллез болған,  себептерді анықтау жұмыстары жалғасуда.  Шетелдік және отандық интитуттар  қазанның соңына дейін  есепті тапсыратынын айтып отыр», - деді Н.Жүнісов.

Оның айтуынша, Орман шаруашылығы комитеті ақбөкендерді радиошамшырақпен қамтуды көздеп отыр.

«Біз биологиялық сынаманы алып,  25 ақбөкенге радио қарғабауын тағуды жоспарлап отырмыз. Бұл олардың орын ауыстыруын бақылап отыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Сурет: Шыңғыс Қаппаров

 





Яндекс.Метрика