Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында 2016 жылы 18 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Өңір тұрғындарын жұмыс орындарымен қамту Ақтөбе облысы басшылығының үнемі бақылауында.
Ақтөбе20 Қыркүйек , 16:58

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі  хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, осы мақсатқа көзделген бюджет қаржысы игеріліп, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен пайдалану шаралары атқарылуда.

Кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы жұмыспен қамтылатын 19 262 адамның 18 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылған. Өңірлерді дамыту бағдарламасына орай, 1132 ақтөбеліктер 152 жобаны жүзеге асыруға жұмылдырылып, 5201 жаңа жұмысқа орналастырылған.

«ЖКЗ-2020» бағдарламасының аясында өңірге 7,2 млрд. теңге бөлініп, 4,2 млрд. теңге игерілген. 1000 астам ауыл тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға арналған сомасы 3 млрд. несиені пайдаланды.

Жергілікті бюджет есебінен 1300-адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 1349-ы жастар тәжірибесіне, 6627 – уақытша қоғамдық жұмыстарға, 34-қайта даярлауға жіберілді.  

30-дан астам жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, қортындысы бойынша 838 адам тұрақты жұмыс орындарын, 898 адам қоғамдық жұмыстарға, 191 адам жастар тәжірибесіне, 2015-і әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің тиімділігін ескерген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев оны ай сайын аудан орталықтарында өткізіп тұруды тапсырды.




Яндекс.Метрика