Үкімет

Қазақстанда барлық сауда нарықтарында әлеуметтік тауарларға ұсынбалы бағаны қолдану ұсынылуда

Әлеуметтік тауарларға ұсынбалы бағаны орнатуды барлық нарықтарда енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан20 Қыркүйек , 10:58

«Министрлікте барлық өндірушілер мен көтерме көтерме саудагерлерге  мониторинг  жүргізетін  сараптамалық база қалыптастырылды. Бұл орайда келесі шараларды ұсынып отырмыз: заңнамалық тұрғыда шекті және қоюға болатын бағалардың әдісін әзірлеу, сауда қосуларын белгілейтін нормативтік актілерге өзгертулер енгізу», - деді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы айтып өткендей, отандық өндірушілерге нарықтар мен базарларға тікелей қолжетімділігін кеңейту.

«Ірі көтерме саудагерлер монополияндыруды ашық жүргізуде. Бұл мәселені заңнамалық тұрғыда шешкен дұрыс. Отандық өндірушілерге сауда орындарында  заңнамалық түрде қолжетімділік орнату өте орынды деп есептейміз. Қазақстанда барлық сауда нарықтарында әлеуметтік тауарларға ұсынбалы бағаны қолдануды енгізу қажет», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика