Атаулы әлеуметтік қолдау

Астанада жетім балаларға мектепке қажетті заттар таратылады

Астанада жағдайы нашар және көпбалалы отбасыларға, ата-аналарының қарқорлығынсыз қалған жетімдерге «Мектепке дайындау» акциясы аясында мектепке қажетті заттар таратылады.
Ақмола 06 Тамыз, 00:00

«Акцияның 5 жылында 17 мыңнан астам балаға 149 млн 747 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Соның ішінде 12132 балаға бюджеттен көмек көрсетілсе, 5433 балаға бюджеттен тыс жиналған қаржыға көмек көрсетілді», - деп хабарлады ол. 

Ал Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Әсима Бимендинаның хабарлауынша, өткен жылы балаларға берілген материалдық көмектің сомасы 50 млн теңгені құраған. 

«Бес жыл ішінде 149 млн теңгенің материалдық көмегін ұсына алсақ, соның 50 миллион теңгесін биыл балалар игілігіне жараттық. Бұл қаржының 13 миллионын демеушілер берген. Ең бастысы әрі қуантатыны, өзінің атын тізімге жаздырмай, ешкімге жария етпей, балаларға көмек беріп жатқан қайырымды адамдар көбейіп келеді», - деді Білім басқармасының басшысы. 

Сондай қайырымды жандар тарапына көмек алған балалардың бірнешеуі «Мектепке жол» акциясына орай өткізілген бүгінгі баспасөз мәслихатына келіп қатысты. №57 мектептің 1-сыныбына баратын бүлдіршіндерге «КZ» қоры сөмке мен спорт киімдерін табыс етті. Көмек алған оқушылардың барлығы көп балалы отбасылардан шыққан.





Яндекс.Метрика