Инновациялар

AlmatyTech Garden Fair негізінде 30 инноватор өз жобаларын жүзеге асыруда - ИДМ

Алматы қаласының мыңжылдығын тойлау рәсімдері аясында, Tech Garden Fair халықаралық технологиялық фестивалі өтті.
Алматы қаласы19 Қыркүйек , 17:56

Tech Garden Fair – жас ғалымдардың, әзірлеушілердің, стартаптардың инновациялық потенциалдарын дамытып, жүзеге асыруға бағытталған Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық фестивальдердің бірі болып табылады. Фестиваль 17-ші қыркүйек күні «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында («ИТП» АЭА) өткізіліп, қатысушыларға  қатысушыларға инновация әлемімен, үмітті стартаптармен, технологиялармен танысуға, озық салалық сарапшылардың мастер-класстарын тыңдап шығуға мүмкіндік берді.

«ИТП» ДКҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министірлігі қолдауымен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры өткізді. Фестивальдің өткізілуіне ұйымдастырушылық қолдауын Алматы қаласының әкімдігі көрсетті.

Фестивальдің ашылу рәсімін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әукенов Е.М өзінің алғы сөзімен бастады. Әукенов мырза қатысушыларға, сонымен қатар, шараның әріптестері мен ұйымдастырушы Almaty Tech Garden-ге алғысын білдірді. Оның айтуымен,  Tech Garden Fair жас инноваторлармен қоса, түгел қоғам үшін аса маңызды уақиға болып табылады. Сонымен бірге, Әукенов мырза жас инноваторлардың потенциалдарын жүзеге асырудағы фестивальдің рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, осындай жобалардың ең уздіктері Алматының қоғамдық өмірінің барлық бағыттарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Фестивальдің барысында ИТП «АЭА»-ның он жылдығына бағышталған арнайы информациялық сессия өтті. Оған АЭА-ға енуге қызығушылық танытатын 40-тай компаниялардың өкілдері қатысты. Almaty Tech Garden бас директоры Санжар Кеттебеков қатысушыларды  ИТП «АЭА» жайлы арнайы декреткермен, оның жеңілдіктері мен артықшылықтары жайлы ақпарттармен танытырып шықты. Сонымен бірге, АЭА-ның екінші кезегімен осы жылдың аяғына дейін салынатын, инфрақұрылымдық объектілерімен таныстыру үшін оның территориясында арнайы экскурсия өткізілді. Соның ішінде, стартаптар мен инновациялық компанияларға соңғы технологиялармен жабдықталған жұмыс орындарын қамтамасыз ететін Almaty Tech Garden Lab арнайы центрі салынып бітуде.

Іс-шараның негізігі уақиғасы ретінде жас ғалымдар, әзірлеушілер мен стартаптарға арналған Tech Garden Cup және Startup Day атты әдейі технологиялық байқаулар өтті.  Олардың барысында қатысушылар нарық көшбасшыларының нақты мәселелеріне өз шешімдерін ұсынды.

Tech Garden Cup байқауына өз мәселелерін Алматы қаласын дамыту орталығы, Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ, UNDP/GEF, Элтекс Алатау сияқты ұйымдар тапсырды. Байқаудың бірінші күні ҚБТУ-да, фестивальдің ашылуынан бір күн еретерек бассталып, қаысушыларға берілген мәселелер жайлы кеңес алуға мүмкіндік берді. Өз шешімдерін олар келесі күні фестивальдің барсыныда қазылар алқасынының алдында таныстырды. Startup Day байқауының аясында стараптар жер-қойнауын қолданушылардың технологиялық мәселелерін шешіп көрді. Мәселелрдің тізімі Almaty Tech Garden веб-сайтында алдын-ала орналастырылған болатын.

Барлығын санағанда, фестивальге қатысушылардан 500-дей сұраным қарастырылды. Байқау әріптестері ФинТех, Индустрия 4.0, Ақылды орта тәрізді бағыттар бойынша 60-тан аса технологиялық мәселелерін ұсынды. Технологиялық байқаулардың нәтижесімен бірнеше бағыттар бойынша 30-ға жуық жеңімпаздар мен финалисттер анықталды. Олар маселелерді ұсынған шара әріптесерінің арнайы сыйлықтарына ие болып, Almaty Tech Garden негізінде Орта Азиядағы ең үздік акселерация барысыныда өз жобаларын жетілдіріп, жүзеге асыруға мүмкіндік алады.




Яндекс.Метрика