Парламент

2018 жылдан бастап Ұлттық қордан қаражат тарту қысқартылады – Бишімбаев

Биылғы жылдың соңына дейін Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордың қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлейді, деді Мәжілістің үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Нұр-Сұлтан19 Қыркүйек , 11:47

«Мұнайдың төмен бағасын ұстап тұру тәртібінде   Ұлттық қорды сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Біздің базалық жоспар бойынша  Ұлттық қордан бөлінген  жыл сайынғы трансферттің көлемі   2017 жылы 1,4 трлн теңгеден  және 2018-2019 жылдары 1,0 трлн теңгеден артық болады. 2018 жылдан бастап  Ұлттық қордан тартылатын қаражат айтарлықтай қысқартылады», - деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ведомствода  Ұлттық қордың қаражатын басқарудың жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Концепция жылдың соңына дейін әзірленіп,  Үкіметтің қаралуына ұсынылады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика