Адами капитал

Алматы қаласының әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады (ФОТО)

Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің 200-ге тарта тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 19 Қыркүйек, 09:34

«22 мен 27 жастағы курсанттарды атқыш, гранатаатқыш, оқшашаршы мамандықтарын меңгеруге оқытып-үйретті. Жас жауынгер курсы әскердегі мерзімді қызметті алмастырады. Оны аяқтағаннан кейін бітірушілер әскери билетке қол жеткізеді», - делінген хабарламада.  

«Біз тактикалық, дене және атыс даярлығынан өттік. Автоматты жинап, шашып, оқ атуды үйрендік», - деді тәрбиеленуші Нұрбол Мұхтарұлы.

Аталмыш іс-шараны өткізу бағдарламасында 200-ге жуық курсанттың дефилесі, АК-74 автоматын жинап-шашу, «Әскер» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуімен қоян-қолтық ұрыс өткізілді.

Әскери-техникалық мектептегі  оқу 40 күнге созылады. Оның қорытындысы бойынша тәрбиеленушілер сертификат және әскери билет алады. Алматыда әскери-техникалық мектептерге үміткерлерді іріктеу жылына 7-8 рет өткізіледі. ӘТМ-ге оқуға түсу үшін кандидаттарды іріктеуді Алматы қ. жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Алматы қ. әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілердің ең көп санын түлетіп шығарады.  Қазақстанда мектептің 15 филиалы бар. 
 





Яндекс.Метрика