Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

Биыл ел бизнесмендері мембағдарламаның 9 түрі бойынша инновациялық гранттар ала алады

«Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ 2013 жылға арналған инновациялық гранттар беру бағдарламасының іске қосылғандығын жария етті.
Казахстан26 Наурыз , 00:00

Бүгін елордада ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында аталған агенттік басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин «Индустриалық-инновациялық қызметті мемлекетті қолдау туралы» заңның күшіне енуіне орай ендігі уақытта жаңалық иелері инновациялық гранттардың  9 түрі бойынша қолдау алатындықтарын баса айтты. Мәселен, кәсібін енді бастаған жас бизнесмендер бастапқы кезеңде 50 млн. теңгеге дейін ала алса, технологияларды коммерциялауға 30 млн. теңгеге дейін, өндірістік зерттеулерге 30 млн. теңгеге дейін, ал шетелдік және өңірлік патенттік ұйымдардың патентін алуға 6 млн. 250 мың теңгеге дейін грант беріледі.

Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар басқарушылық өндірістік технологиялар енгізуге 15 млн. теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 2 млн. теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға 9 млн. теңгеге дейін, консалтингтік жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тартуға 35 млн. теңгеге дейін, ал технология сатып алуға 150 млн. теңгеге дейін грант ала алады.




Яндекс.Метрика