Үкімет

Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикалық өсудің оң динамикасын сақтай білді

Қазіргі қиын жағдайда Қазақстан уақытылы өзекті шешімдерді қабылдады, экономикалық өсудің оң динамикасын сақтай білді, деп ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Астана қаласы09 Қыркүйек , 12:18

«Қазіргі қиын жағдайда Қазақстан уақытылы өзекті шешімдерді қабылдады, экономикалық өсудің оң динамикасын сақтай білді. Мемлекеттік қолдау есебінен инвестициялық өзектілікті сақтай білдік. Сонымен қатар, жаңа шындық жағдайында даму бойынша алдағы болатын қадамдарды осы жылдың аяғына дейін және келесі жылы анықтауымыз керек. Қазір 2016 жылдың бюджеті қаралады. Сонымен бірге, біз келесі үш жылға арналған бюджетті бекітеміз. Үкіметке бекітуге барғанға дейін оны баршамаыз бірге талқылауымыз керек»,-деді ҚР Президенті.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика