Вьетнам Қазақстанмен парламентаралық байланысты нығайтуға мүдделі

Ханойда Вьетнамдағы Қазақстанның елшісі Бекетжан Жұмаханов Вьетнамның Ұлттық жиын сыртқы істер жөніндегі комитет төрағасы Нгуен Ван Зиаумен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде07 Қыркүйек , 12:48

Кездесу аясында бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу  болып өтті. Нгуен Ван Зиау екі ел арасындағы достықтың қарқынды дамып жатқандығы туралы айтып өтті.

Комитет төрағасы айтып өткендей, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы  екі елдің әлеуетіне сай келмейді, сондай-ақ, Қазақстан мен Вьетнамның қарым-қатынасы осы қарқыннан да күшті дамуға тұрарлық.

Вьетнамдық саясаттанушы  Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы елдері   және Вьетнам арасында еркін сауда келісімі биылғы жылдың 5 қазанында жүзеге асатынын айтты.

Б. Жұмаханов өз кезегінде Астана мен Ханойдың өзара байланысының белсенділігін атап, Қазақстаның халықаралық бастамалары туралы әңгімеледі.

 




Яндекс.Метрика