Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

ШҚО әкімі ҚР Презиентіне Семей ядролық полигонын жапқаны үшін алғыс айтты

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев барлық өңір тұрғындары атынан тікелей эфир арқылы Мемлекет басшысына тарихи қадамы болып саналатын Семей ядролық полигонын жапқызғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды облыстың ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан02 Желтоксан , 10:15

Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы, «Нұр Отан»  партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Республикалық қоғамдық қабылдауда «Нұр Отан» өңірлік филиалдары жетекшілері видеоконференцбайланыс жүйесі арқылы партия төрағасына XV сьезде берілген тапсырманың орындалуы жөнінде есеп берді.

«Сіздің қолдауыңыздың арқасында экономикалық дағдарыс кезінде дамыған елдердің өзінде жүздеп жеке кәсіпкерліктер жабылып жатқанда мыңдаған адамдар жұмыссыз қалып жатқанда, Қазақстанда тұрақтылық қалыптасты, біз оны сезіне білдік», - деді облыс әкімі.

Б.Сапарбаевтың айтуынша, XV сьезде берілген Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары Шығыс Қазақстанда толығымен орындалу үстінде. Мемлекттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында өңір экономикасы 6% өсіп, жұмыссыздық 5% азайған.

 




Яндекс.Метрика