Қалыптасқан Қазақстан

Астанада Елбасының «Еркін елдің ертеңі» атты кітабының тұсауы кесілді

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күнінде Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еркін елдің ертеңі» атты кітабының тұсауы кесілді, деп «Назарбаев орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан01 Желтоксан , 17:17

«Еркін елдің ертеңі» жастарға арналған қойын кітап. Кітапқа Елбасының  бірлік, адамгершілік, қазақстандық патриотизм, мемлекет, жаһандану, саясат пен экономика, өркениет пен мәдениет туралы таңдамалы нақыл сөздері мен ой толғаныстары топтастырылған.

«Қойын кітап үлгісінде үш тілде қатар жарық көріп отырған жинақ «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында жастарға бағыт беретін бағдаршы болмақ», - делінген хабарламада.  

Шара шеңберінде Н.  Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» атты   аудиокітабының AppStore, Play Market және Marketplace-қа арналған электрондық қосымшаларының да тұсауы кесіледі. Бұдан былай аталмыш туындылар  интернет-дүкендер арқылы барша қазақстандықтарға қолжетімді болады. 

Тұсаукесер рәсімінде жастардың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған бейнехаты көрсетіледі. «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен мектеп оқушыларына Елбасының қолтаңбасы қойылып, тілегі жазылған кітаптар табысталады.




Яндекс.Метрика