ТОН-2 магистральді мұнай құбырының іске қосылуы мұнайдың өткізу қуаттылығын жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайтты

Тұймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2) магистральді мұнай құбырының 185,6 км созылған қазақстандық телімі құбыр желісінің жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ.
Казахстан02 Қыркүйек , 11:26

ТОН-2 толық жөндеу жұмыстары қазақстандық телім арқылы мұнай тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық мұнайды Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізу және Қазақстан территориясы арқылы ресейлік мұнайды ҚХР бағытына тасымалдау мақсатында жүргізілді.

Солтүстік-Қазақстан облысында модернизацияланған телім қазақстандың мердігер «Ақниет-БН» ЖШС-мен толықтай жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін эксплуатацияға берілді.

Толықтай жөндеу жұмыстарының жоғары сапалығы тәуелсіз техникалық қадағалаумен дәлелденді. Жұмыстар Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сай өткізілді.

Тұймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2) магистральді мұнай құбырының қазақстандық телімінің сызықтық бөлігін толықтай алмастыру бойынша тағы бір жоба аяқталды, - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов. — Өткізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қазақстандық телімінің құбыр желісінің мұнайды өткізу қуаттылығы жылына 7 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайып, оның транзиттік әлеуетін барынша арттыруға септігін тизігді.

Жоба құны 32 млрд теңгеден асады.Іске қосу актісіне қол 2016 жылдың 29 тамызында қойылды.




Яндекс.Метрика