Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

Ақтөбе облысында ШОБ өнімдерінің көлемі шамамен 200 млрд теңгені құрады

Ақтөбе облысында алғашқы жартыжылдықта шағын және орта бизнес өндірген өнімнің көлемі 199,1 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат сессиясында өңір әкімі Архимед Мұхамедов мәлім етті.
Ақтөбе17 Тамыз , 00:00

Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан 2050» стратегиясында ел Президенті ұлттық экономиканың қозғаушы күші ретінде кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. «Экономикамызда шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай кем дегенде екі есеге өсуі тиіс», - деп атап көрсетілген Жолдауда.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы артақушы органдарының негізгі міндеті шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға негізделді.

Жыл басынан бері, облыс әкімінің айтуынша, шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 1,3 пайызға артып, 32,9 мың дананы құрады. Сондай-ақ өндірілген өнім саны да 9,2 пайызға еселеніп отыр.

Бүгінгі күні бұл салада 118,4 мың адам еңбектенуде, бұл былтырғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 6,3%-ға артық. 




Яндекс.Метрика