Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ШҚО әкімі ҚР Конституциясы күнімен облыс тұрғындарын құттықтады (ФОТО)

Мемлекеттік мейрамға орай өңір бойынша 800-ге жуық салтанатты шара өтуде. Конституция күніне арналған Өскемен қаласының орталық алаңындағы мерекелік шараға он мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 30 Тамыз, 15:42

Облыс орталығындағы салтанатты шара барысында шығысқазақстандықтарды Ата Заң мерекесімен аймақ басшысы Даниал Ахметов құттықтады.

«1995 жылы тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған, жаңа Конституция жаңа Қазақстанның  елдік іргетасын  қалады. Осы бір жылдар  ішінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде орнықты, дүние жүзінде өзінің лайықты  орнын алды. Сан ұлттың жерұйық мекеніне айналған қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, өркендей берсін», – деді Даниал Ахметов.

Шара облыстың көркем-шығармашылық ұйымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Аймақтың әр өңірінен келген аудан кәсіпкерлері жәрмеңке барысында өздерінің ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынса, облыстың спортшылары еркін күрес, гір көтеру, қол күрес сынды сайыстардан бақ сынауда. Сонымен қатар, бұл күні жеңіл атлетикадан Өскемен қаласының біріншілігі өтуде.

Жалпы, Конституция күніне орай Шығыс Қазақстан облысында 800-ге жуық мерекелік шара ұйымдастырылуда

 





Яндекс.Метрика