Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н. Нығматулин: Қазақстан Президентінің ғаламдық қауіпсіздікті нығайту бастамалары әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-төрағасы Азай Гулиевпен кездесті, деп хабарлады Мәжіліс.
Астана қаласы30 Тамыз , 12:58

Мәжіліс Төрағасы мәртебелі мейманды жаңа қызметімен құттықтай отырып, Орталық Азия мен ЕҚЫҰ ПА мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясында талқыланған маңызды мәселелерге, сондай-ақ, парламентаралық өзара іс-қимылды дамытуға айрықша көңіл бөлінді.  

Қазақстан Президентінің ядроға қарсы бастамалары халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие екенін алға тартқан Н. Нығматулин Елбасының БҰҰ аясында халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік жүйесін құру туралы маңызды бастамасына көңіл бөлді.

Сондай-ақ, Мәжіліс Спикері экономикалық байланыстарды дамыту ЕҚЫҰ кеңістігінде ынтымақтастық пен өзара татулықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.  

 




Яндекс.Метрика