Халықаралық интеграция

Болгария вице-президенті: Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан ОА-дағы негізгі елге айналды

Н.Назарбаевтың төрағалығымен Н.Назарбаев ОА-дағы негізгі елге айналды, деді Болгария вице-президенті М.Попова Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықовамен кездесу барысында.
Астана қаласы30 Тамыз , 12:36

«Біз қос мемлекет арасындағы байланысты инвестициялық үдеріс аясында дамыта түскіміз келеді. Қазақстан мен Болгария жоғары саяси деңгейде тығыз қарым-қатынас орнатқан. Осыдан бірнеше ай бұрын біздің парламенттің спикері Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Біз бұрыннан екі ел арасында орнаған жақсы қарым-қатынасты үзбей келеміз. Сондықтан дәстүрлі қарым-қатынасты инвестициялық бағытта, яғни экономикалық жағынан дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл екі мемлекет үшін де маңызды», - деді вице-президент.

«Қазақстан халқына денсаулық, бақ-береке, тыныштық және қазақ елін биіктерге жетелей беретін, халықтың тұрмыс-тіршілігін одан әрі жақсарта түсетін көреген басшылар басқаруын тілеймін. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елде халықтың әлеуетін көтеру бағытында қыруар іс тындырылды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қысқа уақыт аралығында мемлекеттеріңіз толағай табыстарға қол жеткізді. Қазақ елі Орта Азиядағы өз ұстанымы бар көшбасшы мемлекетке айналды. Сіздерді осындай дәрежеге жетулеріңізбен құттықтаймын», - деді Маргарита Попова.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбіқалықова Ақордада Болгария Республикасының вице-президенті Маргарита Поповамен кездескен болатын. Қос тарап Қазақстан-Болгария қарым-қатынасының жай-күйі мен дамуының өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова Болгария Қазақстанның Қара теңіз өңірі мен Балқан түбегіндегі әріптесі екендігін атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 112,9 млн АҚШ долларын құраған.

Әңгімелесу барысында Мемлекеттік хатшы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне тоқталып, болгариялық компанияларды «ЭКСПО-2017» аясында технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырды.

 

 

 




Яндекс.Метрика