Халықаралық интеграция

Г.Әбдіқалықова мен М.Попова Қазақстан-Болгария қарым-қатынастарының даму жағдайын талқылады (ФОТО)

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Болгария Республикасының вице-президенті Маргарита Поповамен кездесті.
Астана қаласы 30 Тамыз, 11:54

Тараптар Қазақстан-Болгария қарым-қатынастарының даму жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылады.

Г.Әбдіқалықова Болгарияны Қара теңіз өңірі мен Балқан түбегіндегі Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. 2015 жылы елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 112,9 млн долларды құрады.

 «Алдағы 5 жылда оның жүзеге асырылуына 24 млрд доллары бөлініп, көліктік жобалар, оның ішінде ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік хатшы Болгария тарапын осы жобаларға қатысуға шақырды», - деді Мемхатшы.

Әңгімелесу барысында Мемлекеттік хатшы алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы айтып, болгарлық компанияларды бұл іс-шараның аясында технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Г.Н.Әбдіқалықова қазақ-болгар қарым-қатынастарының маңызды құрамдасы ретінде мәдени-гуманитарлық салаға назар аударды. Қазақстанда болгар мәдениетін дамыту мақсатында Болгар этномәдени орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік хатшы София университетінде қазақ тілі мен Қазақстанның тарихы және мәдениетін зерделеу кабинетін ашқаны үшін болгар тарапына ризашылығын білдірді.

Кездесудің соңында Мемлекеттік хатшы Болгария Республикасының Вице-президенті М.Поповаға «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысқаны және Қазақстан мен Болгария арасындағы диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Суретке түсірген:Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика