ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Ақтөбе облысында Конституция күні 2 мектеп пен балабақша ашылды

Ақтөбенің тұрғындар көп шоғырланған елді мекендерінде білім саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында екі орта мектеп пен балабақша ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе30 Тамыз , 14:32

«Жарқын бала» мектепке дейінгі мекемесі Қарғалы ауылында өз есігін айқара ашты. Балабақша аумағы 1,3 га.болатын жерде орналасқан, қазіргі заманға сай, технологиялық және ойын құрал-жабдықтарымен жарақтанған. Жиһаздары мектепке дейінгі жастағы балаларға сай, барлық санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар сақталған. Мекемеде қазақ тілінде білім беретін 16 топ бар, оның 2-уі тілінде мүкісі бар балаларға арналған. Көркейтілген алаң шағын архитектуралық формалармен, шатырлары бар спорттық ойын алаңдарымен жабдықталған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «КазПромСтройГрупп» ЖШС салған ғимаратты қарап шықты. Жаңа мектепке дейінгі мекеменің құрылысына республикалық бюджеттен 560 млн. Теңге бөлінді, 75 жаңа жұмыс орны ашылды.

“Елбасы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне баса назар аударады. Жыл сайын әлеуметтік салаға қыруар қаржы бөлінеді. Тәуелсіздік алғаннан бері өңірде мектепке дейінгі мекемелер саны 8 есе өсіп, 558-ге жетті. 46 мың сәби балабақшаға барады. Осы жылы ашылған 32 балабақшаның 23-і МЖС аясында жұмыс жасап келеді. Жыл соңына дейін, тағы 20-сын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. 25 жыл ішінде 35 596 орынға арналған 109 орта мектеп салынды. Тек осы жылы ғана құны 4,7 млрд. Теңге болатын 9 білім беру нысанының құрылысы басталды, - деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  өңірде тағы 17 білім беру нысанының ашылатынын жеткізді.

Олардың қатарында 7 орта мектеп, 1 отбасы үлгісіндегі үй, 9 балабақша бар болса, соның  5-еуі жеке меншік болып табылады.    




Яндекс.Метрика