Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

«Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясының қорытынды құжаты қабылданды

Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» тақырыбындағы Халықаралық конференцияның қатысушылары бүгінгі мәжілістің басты құжаты – бірлескен декларацияны қабылдады.
Астана қаласы29 Тамыз , 20:41

Оны Коста-Рика Парламентінің депутаты, PNND тең төрайымы Наталиа Диаз Квинтана оқып берді. Қорытынды құжат нақты 10 қадамнан тұрады. Онда ядролық қарусыз әлемді құру жолындағы іс-шаралар қамтылған.

Конференция қатысушылары осыдан 25 жыл бұрын Семей сынақ полигонын жабу туралы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың батыл шешімін жоғары бағалап, қазіргі «Атом» жобасы мен «Әлем.XXI ғасыр» манифестін қолдайтындарын жеткізді.

«Әлем көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып,ядролық қарусыздандыру мәселесіне баса назар аударуы тиіс. Біз Солтүстік Корея Республикасының ядролық қаруға сынақ жасау жұмыстарына жол бермеу керек депсанаймыз. Себебі қандай да бір инцидент ядролық текетіреске әкеліп соқтыруыәбден мүмкін»,-деп атап көрсетті Наталиа Диаз Квинтана.

Осы орайда конференция қатысушылары Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қабылдануымен құттықтап,алдағы уақытта кеңес мүшелерімен ядролық қарусыздандыру бойынша бірлесіп жұмыс істейтініне сенім білдірді. Олар ірі державаларды ядролық қарудан бас тартуға міндеттейтін нақты бір құжатты қабылдау қажет деп санайды.

 




Яндекс.Метрика