Басқару

Балалар мен жастарды шығармашылыққа және өнерге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу қажет – Н.Назарбаев

Елбасы Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Тамыз , 19:14

Мемлекет басшысы А.Асылмұратованы жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев академияның Орталық Азиядағы көп деңгейлі кәсіби және хореографиялық білім беретін толық циклды алғашқы жоғары оқу орны екендігіне тоқталды.

« Бұл нысан барлық талапқа сай келетін жоба бойынша салынды. Атап айтқанда, оқу корпустары, оқытушылар мен оқушылар үшін тұрғын үй кешендері салынды, демалыс үшін жағдайлар жасалды, медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылуда. Академия ЭКСПО көрмесінің Халықаралық қаржы орталығы орналасатын аймағына таяу жерден орын тепкен», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы балалар мен жастарды шығармашылыққа және өнерге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу қоғамның басты міндетінің бірі болып саналатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі көптеген хореографиялық, музыкалық мектептер мен шығармашылық ұжымдар жоғары білікті мамандарға мұқтаж болып отырғанына назар аударды.

 




Яндекс.Метрика