Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Кадзуо Ишиватари: Азаматтық қоғам ядролық қаруды қолданудың аяқталуына өз үлесін қоса алады

Шетелдік сарапшылар, заңгерлер мен дін көшбасшылары, азаматтық қоғам өкілдері панельдік сессия аясында ядролық қаруды қолданудан бас тарту бойынша әлемдік бастамалардың маңыздылығын талқылады.
Астана қаласы29 Тамыз , 18:59

 «Әрбір мемлекет ядролық қарусыздану саласында келіссөздер өткізуге міндетті болуы керек,  бұл осы салада жетістікке жетуге мүмкіндік береді.  Сондықтан әлем азаматтары жиналып, осы мәселені талқылағаны маңызды. Азаматтық қоғам ядролық  қаруды қолданудың  аяқталуына өз үлесін қоса алады. Ядролық қарудан ада әлем құру үшін энергия мен күшке ие болу керек», - деді Жапонияның халықаралық  зайырлы  будда қозғалысы  SokaGakkaiInternational жаһандық проблемалар мен бейбітшілік мәселесі жөніндегі атқарушы директор Кадзуо Ишиватари.

Оның айтуынша, ядролық қару адамзаттық құндылықтар стандартына сәйкес келмейді, дәстүрге, адамның өмір сүруіне кереғар ұғым.

«Адамдар ядролық қаруды  әлемнің ән нүктесінде тоқтату қажет  екендігін біледі. Ол тұрақтылық пен қоршаған ортаға зиян келтіреді. Біздің қоғамға  ядролық қарудан ада әлем құру өте маңызды», - деді  «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының вице-президенті Торэ Вэтсби.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру»халықаралық конференциясы өтті.  

Форум БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияда сөйлейтін сөзі жиынға қатысушылар назарын тартатын басты оқиға болды. Форум барысында жалпы отырыс, сондай-ақ «БҰҰ және қарусыздандыру үдерістері: келешегі қандай? «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі», «Ядролық сынақтарға тыйым салу және ядролық қарусыздануға қол жеткізудегі БҰҰ рөлі», «Ядролық қаруға ұлттық деңгейде тыйым салу және ядролық қарудан азат аймақтар. Орнықты әлемнің географиясы», «Бастамалар мен науқандар - Заң шығарушылар, діни көшбасшылар және азаматтық қоғам» тақырыптары бойынша төрт панельдік сессиялары өтеді.

Конференцияның қосалқы ұйымдастырушысы Ядролық қаруды таратпау және жою жолындағы парламентшілердің(PNND) халықаралық ұйымы болып табылады. Форумға қатысушылар ядролық қаруды қолдану және сынау құрбандарын еске алып, қарусыздандыру және таратпаудың өзекті мәселелерін қарайды және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ұсыныстар айтты.
Астана конференциясына БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева Бөлімінің Бас Директоры, Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы Майкл Мёллер, Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Даярлау комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо, Парламентаралық одақтың Президенті және PNND тең төрағасы Сабер Чоудхури, Панафрикалық Парламенттің Президенті Роджер Нкодо Данг, Болгарияның Вице-Президенті Маргарита Попова, Маршалл аралдары Нитиджелінің (Парламент) төрағасы Кенеф Кеди, Моңғолияның тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбат, Корея Республикасының қосылу министрі Хон Ён Пё, Пагуош ғылым және халықаралық істер қозғалысының Президенті Джайантха Дханапала, Әлемдік діндер Парламентінің Төрағасы Имам Абдул Малик Муджахид, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының негізін салушы Олжас Сүлейменов, басқа да халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың көрнекті өкілдері, жалпы алғанда елуден астам елдердің белгілі діни қайраткерлері қатысады. Астана конференциясында қорытынды құжат қабылданатын болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика