«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,7 млрд теңге бөлінді (ФОТО)

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаржының 5,7 млрд теңгесі игерілді, деді өңір әкімдігіндегі аппараттық кеңесте Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Рузия Айдашева.
Ақтөбе 29 Тамыз, 19:38

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ШОБ көлемі 648 млрд теңгені құрады. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін бөлінген 4,1 млрд теңгенің, 1,9 млрд теңгесі игеріліп, 109 жобасы қаржыландырылды.  «Ауыл бизнесін несиелеу» пилоттық жобасы аясында 1,2 млрд теңге бөлінді, 886,9 млн теңгенің 277 жобасы несиелендірілді.

Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Ауыл кәсіпкерлігі», «Кен дала», «Жас старт» бағдарламалары аясында 1,8 млрд теңге тартылды, 256 жоба қолдауға ие болды.

 





Яндекс.Метрика