Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев шетелдік БАҚ өкілдеріне ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі өз тәжірибесі туралы айтты

Мемлекет басшысы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция аясында шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Тамыз , 17:19

Нұрсұлтан Назарбаев BBC, Euronews, CNBC Arabia, «Россия 24» телеарналары өкілдерімен әңгімелесу барысында Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жұмсаған күш-жігеріне, сондай-ақ конференция кезінде ұсынған бастамаларына қатысты сауалдарға жауап берді.

Атап айтқанда, Елбасы Семей ядролық сынақ полигонының жабылу тарихы туралы әңгімелеп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің перспективаларына және осы саладағы сын-қатерлерді еңсеруге қатысты өз көзқарасын білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі өз тәжірибесін ортаға салып, алдағы қарашада өтетін Астана бейбітшілік саммиті мен Ядролық қарусыздану үшін берілетін сыйлықты тағайындау жөніндегі бастаманың жай-жапсары туралы айтып берді.

 

 

 




Яндекс.Метрика