Өңірлер

Шымкентте 3 тілде білім беретін жаңа балабақша ашылды (ФОТО)

Шымкентте "Балапан" бағдарламасы аясында салынған 180 орындық балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область 29 Тамыз, 19:56

ҚР конституциясы күніне орай бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан "Айсұлу" балабақшасының ашылу салтанатына қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысты.

Мектепке дейінгі мекеме оқу - ісін қазақ, ағылшын, орыс тілінде жүргізеді. Жаңа балабақша заман талабына сай жабдықталған. Мұнда жасөскіндердің денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психологиялық ерекшеліктеріне қарай көмек беретін психолог ұстаздар бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі, музыка және спорт залы, жас ерекшеліктеріне сай дайындалған ойын алаңшалары, жазғы бассейіндер бар.

 

 

 





Яндекс.Метрика