Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенті: Қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш жігері Конституцияның әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған

Бүгін Астанада ҚР Конституция күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты xалықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.
Астана қаласы29 Тамыз , 16:21

Конференцияны ашқан ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының қатысушыларға жолдаған xатын оқып берді.

«Бұл конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Ширек ғасырда Қазақстан толағай табыстарға қол жеткізді. Республикалық референдумда қабылданған Конституцияны басшылыққа алып, бұлжытпай орындау – еліміздің ойдағыдай дамуының негізгі кепілі болды. Ата-заң нормаларының арқасында елде сенімді экономикалық өсу мен қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы байқалды. Елдің xалықаралық аренадағы беделінің артуын қамтамасыз ететін түбейгелі реформалар жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан ғасырдың ортасына қарай, әлемнің ең дамыған 30 елінің біріне айналуды көздеп отыр. Оны жүзеге асыру үшін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының және бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі ұлт жоспарының міндеттері ойдағыдай шешіліп жатыр. Конституцияда бекітілген құндылықтар «Мәңгілік ел» актісінде көрініс тапты. Қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш жігері ата-заңымыздың әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған. Конференцияға қатысушылардың ғылыми идеясы еліміздің одан әрі құқықтық дамуына ықпал ететініне сенімдімін. Конференцияға қатысушыларға жемісті жұмыс, кәсіби табыс тілеймін», - деп жазған Нұрсұлтан Назарбаев өз xатында.+

Конференцияға ҚР Мемлекеттік xатшысы, Парламент депутаттары, Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының бірінші басшылары, әлемнің 10 елінен және 6 беделді xалықаралық ұйымынан келген шетелдік қонақтар қатысып отыр. Олардың арасында БҰҰ-ның, Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін еуропалық комиссиясы, ЕурАзЭС сотының, Қазақстандағы еуразиялық одақ өкілдігінің мүшелері бар.

 

 




Яндекс.Метрика