Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанда Конституция күні мерекеленуде

Бүгін Қазақстанда Конституция күні мерекеленуде, 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
Казахстан30 Тамыз , 10:03

Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік  құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата заң аясында алтын дала- Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің  оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы  бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

 «Конституция адам әлеуеті мен оның құқығын, бостандығын басты құндылыққа айналдырды. Кон Конституция қазақстандықтарды ұлт пен дінге тәуелді болмайтын теңдікпен қамтамасыз етті», - деді ол.

«Өзімнің қызметім бойынша конституциялық әділ сота істейтін әріптестеріммен жиі кездесемін. Олардың көп бөлігі әлемде бұл мерекені жыл сайын аса құрметпен тойлап, қуанып жататын ел көрмегендігін айтты. Оларды Елбасы мен мемлекеттік органдардың ҚР Конституциясына деген қарым-қатынасы таң қалдырады. Оған қоса 10 жыл бойы ҚР Конституциясы күніне орай елде халықаралық форум өткізіледі», - деді И.Рогов.

КК төрағасы атап өткендей, аталмыш механизм шетелдік әріптестердің жоғары қолдаына ие болды. «Олар біздің жетістіктерімізді атап өтіп, ұлтаралық және конфессияаралық деңгейдегі толеранттылығымызға таң қалды», - деді ол.

 «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып,өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз», -делінген Конституцияда.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.

Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

 




Яндекс.Метрика