Өңірлер

СҚО-да жылу беру маусымына дайындық аяқталуға жақын

СҚО-да жылу беру маусымына дайындық аяқталуға жақын, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан29 Тамыз , 18:54

«Жылыту маусымдарында бюджеттiк мекемелердi 170 мың тонна көмiрмен қамтамасыз ету бойынша келiсiм-шарт жасалды. Оның бүгiнде 151,6 мың тоннасы немесе 89%-ы жеткiзiлген. Даярлықты 2016 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн аяқтау жоспарланған», — делінген хабарламада.

Аудан өкiлдерiне жылумен қамтамасыз ету нысандарының, тұрғын үйлердiң, әлеуметтiк сала нысандарының жылыту маусымына даярлығын уақытылы аяқтау тапсырылды.

Бұдан бөлек өңiр басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiмен бiрге елдi мекендерде сабанмен жанатын модульдi қазандықтар мәселелерiмен жұмыс iстеудi тапсырды.

 




Яндекс.Метрика