Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуының жеті негізгі тұжырымдамасын айтты

Елбасы Н.Назарбаев «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясы барысында Қазақстанның ядролық қарудан бас тартудың жеті негізгі тұжырымдамасын айтты.
Астана қаласы29 Тамыз , 12:47

«Біз ядролық қарудан бас тарту бойынша тиімді модельді әзірледік. Бұл модельді әлемнің барлық елдері пайдалансын деп ұсынамыз. Ол  7 негізден тұрады:

Бірінші:  Семей полигонын жабу туралы жалпыұлттық консенсус шешімінің негізінде ерікті қабылдау, болашақта оны өзінің аймағына орналастырудан  бас тарту.  

Екінші: Біз ядролық полигонсыз тәуелсіздік алдық. Біз елді ядролық қарусыз нығайттық, қалыптастардық. 2006 жылы орталық-азиялық аймақ құру келісіміне қол қойылды. Оған қатысушылар: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан  2015 жылы ядролық клубтың бес державасынан қауіпсіздік кепілдігіне ие болды, ол арнайы келісім шартпен жүзеге асты. 1994 жылы ядролық державалар Будапешт меморандумына қол қойды. Біздің елде қауіпсіздік кепілдігі бар», - деді Елбасы.

Үшіншіден, Елбасы Қазақстан ядролық қауіпсіздік бойынша барлық халықаралық келісімнің мүшесі болып саналады. Төртінші пункт ядросыз ел атанудың барлық мәртебесіне ие.

«Бесінші: Қазақстан модель Ресей мен АҚШ және өзге елдермен тығыз ынтымақтастық жасауға негізделген.  АҚШ  сенаты жүзеге асырған қауіпті азайту туралы бірлескен бағдарлама өте үлкен рөл ойнады. Оның аясында әскери Атом  нысандарын жою қаржыландырылды. 2012 жылы Ресей, АҚШ және Қазақстанның  бұрыңғы Семей полигоны аймағында ынтымақтасу келісіміне қол қойылды.

Бесінші: Біздің ел ядролық мәртебеден құтылған соң, бейбіт атомды дамытуды сақтап қалды», - деді Елбасы.

Жетінші пунктті аяқтай отырып, Н.Назарбаев айтқандай, Қазақстан заманауи әлемде жаһандық ядролық қозғалыста көшбасшылыққа ие. Қазақстанның бастамасымен АТОм жобасы жүзеге асуда, ол барлық адамдарды ядролық қаруға қарсы біріктіреді.

«Мен әлемдік қауіпсіздік бұл жеті негізге өз бағасын беріп, ядролық сынаққа қарсы қолданады деп үміттенім»,. – деді Елбасы. 




Яндекс.Метрика