Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев: Ядролық қарудан бас тарту біздің саналы әрі шынайы шешіміміз болды

Біздің қоғамның тең жартысы ядролық мәртебені сақтап қалғысы келді, бұл қалауға берілмеу үшін біраз еңбек ету керек болды. Ядролық қарудан бас тарту біздің саналы әрі шынайы шешіміміз болды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясы барысында.
Астана қаласы29 Тамыз , 12:31

«Семей ядролық полигонын жабу туралы келісім біз Кеңес Одағы құрамында болған кезде қабылданды. Одақтық әскери команда машинасына төтеп беру қажет болды, жасанды түрде полигонды сақтай отырып, болашақта оны қолдану мақсаты тұрды, КСРО құлаған соң ядролық полигон әлем бойынша төртінші орында болған еді.  Біздің аймақта сол кезде 104 контитентаралық баллистикалық  ракета  болды, оны батыста «Сатана» деп айтатын, олардың құрамында 1400 ядролық қару орнатылған,  аэродромдарда 40 стратегиялық атқылауыштар 370 қанаттық ядролық ракетаға ие болды. Бұл Францияның, Ұлыбритания мен Қытайды біріктіргендегі   ядролық күшке тең болды», - деді Елбасы.  

Елбасы айтып өткендей, семей полигонында ғылыми зерттеу инфрақұрылымы болды.  Ол ядролық қаруды жетілдіруге бағытталған еді.

Н.Назарбаев айтып өткендей, жаңа ғана өзін тәуелсіз ел деп атаған мемлекет тарихында алғашқы рет азаматтарға лайық мемлекет қалыптастырумен айналысты.

«Бізге ядролық қарумен емес, осы іспен айналысуымыз  керек болды», -  деді Елбасы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика