Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев ірі державалар арасында дағдарысты басқару жүйесін құруды ұсынды

Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясы барысында ірі державалар арасында дағдарысты басқару жүйесін құруды ұсынды.
Астана қаласы29 Тамыз , 12:24

«Жаңа халықаралық ұйым мен даулардың алдын алатын институттарды реформалайтын ұйымдар құру қажет деп ойлаймын. Ірі державалар арасында дағдарысты басқаратын ұйым қажет. Жаңа технологиялар мен қарапайым қаруды таратуға бақылауды күшейту қажет. Мен барлық елдердің үкіметін халықаралық институттар келісімін нығайту бойынша жаңа міндеттер тағайындауға шақырамын», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев баяндама барысында барлық елдердің парламентшілерін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз халқына үндеу жасауларын сұрады.

«Мен  бүгін өз елін таныстырып отырған  барша парламентшілерге осы іске белсенді атсалысуын сұраймын. Бұл конференция  ел парламентшілердің  ұранымен өтіп  отыр, олар бұл конференциясы өткізуге келісім берді. Егер де барлық елдердің депутаттары өз халқына үндеу жасаса, жалпыадамзаттық түрде бұл іспен күресетін боламыз», - деді Елбасы.

 

 

 




Яндекс.Метрика