Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев: ҚР-ның ядролық өзін-өзі жою қаупін тоқтату тәжірибесі әлемдік тарихтағы бірегей оқиға

ҚР-ның ядролық өзін-өзі жою қаупін тоқтату тәжірибесі әлемдік тарихтағы бірегей оқиға, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясы барысында.
Астана қаласы 29 Тамыз, 12:09

«Қазақстан мен қазақстандықтар ядролық сынақтан өзге елдерге қарағанда айтарлықтай   жапа шекті. Қазақстан мен Жапония ядролық қарудың не екенін өздері бастан кешірді, оны жабу туралы үнемі мәселе көтерді», - деді Елбасы.

Президент айтып өткендей, Қазақстанның ядролық өзін-өзі жою қаупін тоқтату тәжірибесі әлемдік тарихтағы бірегей оқиға  болып отыр.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы өтуде.

 





Яндекс.Метрика