Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев: СЯСП жабылуының 25 жылдығынан бастап ядролық қаруды қысқартудың жаңа кезеңі басталады

Семей ядролық сынақтар полигоны жабылуының 25 жылдығынан бастап ядролық қаруды қысқартудың жаңа кезеңі басталады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясы барысында.
Астана қаласы29 Тамыз , 12:04

«Полигонда 456 термоядролық заряд сыналды, полигоннан 300 мың шаршы метрде 1,5 млн адам өмір сүрді. Құжат негізінде кеңестік әскери басшылықта полигонның айналасында адамдарды шоғырландырмау  тәртібі болатын», - деді Елбасы.

Елбасы айтып өткендей, маманардың бағалары бойынша,  ядролық сәуледен жәбір көрген адам саны 500 мың адамды құрады. «Осынша қазақстандық өткен күннің жәбірін көріп отыр», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы Семей ядролық сынақтар полигоны жабылуының 25 жылдығынан бастап ядролық қаруды қысқартудың жаңа кезеңі басталатындығын айтты.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы өтуде. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика