Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев: Бүгінгі форум жаһандық қауіпсіздіктің нығаюына айтарлықтай үлес қосады

Бүгінгі форум жаһандық қауіпсіздіктің нығаюына айтарлықтай үлес қосады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясы барысында.
Астана қаласы29 Тамыз , 11:32

«25 жыл бұрын дәл осы күні менің жарлығыммен  әлемдегі ең ірі полигондардың бірі – Семей полигоны жабылды.   Онда қырық жылға жуық сынақтар жүргізіліп келген еді.  Біздің халық Тәуелсіздік қарсаңында  барша адамзатқа  біз дамудың бейбіт жолын таңдайтындығымызды көрсетті. Бұл Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікке қосықан үлесі», - деді Елбасы.

«Қазақстан  ширек ғасыр бойы жер планетасында бейбітшілік орнату үшін бар күшін салып келеді. Біз әлем бойынша төртінші ролигоннан бас тарттық. Әлемдік қауіпсіздікті қорғауда бірқатар бастаманың алдында болдық. азақстанның бұл бағыттағы сан жылдық ерік-жігері мен ұсынған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде көрініс тапты. Біздің бейбіт бастамаларымыздың бәрі де әлем қауымдастығының жаппай қолдауына ие болды. Соның  нәтижесінде Қазақстан жаһандық ядролық қарусыз әлем қозғалысының көшбасшысына айналды. Біздің ұсынысымызбен бүгін жер жүзі  29 тамызды халықарлық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күні ретінде қабылдады. Бұл Қазақстанның бейбіт бастамалары жер бетіндегі барша елдердің мүдделеріне сай келетінін және олардың қолдайтындығын көрсетті. Бүгінгі өтіп отырған форумда бәрімізді ортақ мақсатқа жұмылдырып, жаһандық қауіпсіздікті нығайта түсуге сүбелі үлес қосарына сенемін», - деді Елбасы.

Форум барысында жалпы отырыс, сондай-ақ «БҰҰ және қарусыздандыру үдерістері: келешегі қандай? «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі», «Ядролық тежеуден бас тарту - халықаралық қауіпсіздіктің жаңа сипаты», «Ядролық қарудан азат аймақтар. Орнықты әлемнің географиясы», «Ядролық қарусыздану саласындағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыптары бойынша төрт панельдік сессиялар өтеді.

Конференцияның қосалқы ұйымдастырушысы Ядролық қаруды таратпау және жою жолындағы парламентшілердің (PNND) халықаралық ұйымы болып табылады.

 

 




Яндекс.Метрика