Ұлттың денсаулығы

Павлодар облысындағы ауруханаға 300 млн теңгенің жаңа құрал-жабдығы алынады

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ге жаңа құрал-жабдық сатып алуға 250-300 миллион теңге бөлуді уәде етті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар29 Тамыз , 15:57

Қалалық аурухана жеті корпустан тұрады – төрт емдеу және үш қамтамасыз ету қызметінің корпусы. Аурухана ғимараттарының көбі 80-жылдардың соңында 90-жылдардың басында пайдалануға берілген және ұзақ уақыттан бері оларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

2014 жылы облыс денсаулық сақтау басқармасы терапевтік, хирургиялық және педиатрлық бөлімдері корпустарының жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеген болатын.

Хирургиялық бөлімді жөндеу жұмыстарының сомасы 140457,7 мың теңгені, терапевті корпусты жөндеу жұмыстары 169657,5 мың теңгені, педиатрлық бөлімнің корпусын жөндеу жұмыстарының сомасы 139381,6 мың теңгені құрады.

Үстіміздегі жылдың маусым айында мердігермен 103734,4 мың теңге сомасына келісімшарт жасалды. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылғы қыркүйекте аяқталуы тиіс. Облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр және уақтылы аяқталады.

Сонымен қатар, ол аймақ басшысына ауруханаға жаңа құрал-жабдық қажет екенін айтты, оны сатып алуға кем дегенде 250 млн теңге қажет. Сондай-ақ ауруханаға емделушілер мен қызметкерлердің бір корпустан басқа корпусқа өтуі үшін галерея қажет.

«Құрал-жабдық сатып алуға 250 - 300 миллион теңге қаражат бөлеміз. Бұл жерде жақсы диагностикалық орталық болады. Келесі жылы галерея бойынша жобаны да қараймыз», - деді Болат Бақауов.

 




Яндекс.Метрика