Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Астанада «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы басталды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы өтуде. Форум БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конференциядағы баяндамасы басты оқиға болып отыр.
Нұр-Сұлтан 29 Тамыз, 11:02

Айта кетейік, басқосуға әлемнің 50 елі қатысады. Форумға қатысушылар ядролық қаруды қолдану және сынау құрбандарын еске алып, қарусыздандыру және таратпаудың өзекті мәселелерін қарайды және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ұсыныстар айтады деп күтілуде.

Форум барысында жалпы отырыс, сондай-ақ «БҰҰ және қарусыздандыру үдерістері: келешегі қандай? «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі», «Ядролық тежеуден бас тарту - халықаралық қауіпсіздіктің жаңа сипаты», «Ядролық қарудан азат аймақтар. Орнықты әлемнің географиясы», «Ядролық қарусыздану саласындағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыптары бойынша төрт панельдік сессиялар өтеді.

Конференцияның қосалқы ұйымдастырушысы Ядролық қаруды таратпау және жою жолындағы парламентшілердің (PNND) халықаралық ұйымы болып табылады.





Яндекс.Метрика