Халықаралық интеграция

Қазақстан 8 млн тонна астықты экспортқа шығарды

2015-2016 маркетинг жылы Қазақстан 8 368,7 мың тонна астықты экспортқа жөнелтті. Осы көлемнің ішінде астыққа шаққандағы ұн мен астықтың көлемі бірге есептелген, деп хабарлады ведомство.
Казахстан30 Тамыз , 11:36

 

«8,3 млн. тонна астықтың 35,2%-ын ұнның көлемі құрады (астыққа шаққанда 2,95 млн. тонна)», - делінген хабарламада.

1 шілдеде басталған 2016-2017 маркетинг жылы, 667,6 мың тонна астық пен ұн экспортталды.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында жаппай астық дақылдарын жинау науқаны басталды.

Сонымен, ү.ж. 27 тамызында өңір дихандары 115 мың га аумақты жинап болды. Өңірдегі жалпы егін жинау аумағы 4 215,0 мың га құрап отыр.

 




Яндекс.Метрика