Өңірлер

ОҚО-да ең үздік өнімдердің көрме жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

Шымкенттегі «Көрме» орталығында ең үздік «Оңтүстік өнімдері-2016» атты көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область 29 Тамыз, 10:46

Оңтүстік Қазақстан өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде облыста өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынылды.

Шараға қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов ондағы өнімдермен танысып, облыс өнімдерінің брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

 «Оңтүстік өнімі» деген тіркес бүкіл қазақстандықтар үшін «жоғары сапа» мен «тиімді баға» деген сөздермен теңдесуі керек. Сонымен қатар, шаруалар мен жұмысшылар, бизнестегі азаматтар ең бірінші тауардың сапасына мән беруі қажет. Сонда ғана біздің өнім – «Оңтүстіктің өнімі» нарықта жоғары сұранысқа ие болады»,- деді облыс басшысы.

 Айта кетейік, аталған көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының 150-ден астам тауар өндірушілері (далалық аудандарының 60-тан астам) соның ішінде 1 мыңнан астам зияратшылар қатысты.

Іс-шараның барысында «Қазақстанның үздік тауары» атты көрменің жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Конкурстың жеңімпаздары Астанада өткізілетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға мүмкіндік алды. Айта кететін жайт,  бұл конкурсқа алғаш рет 15 жаңа компания қатысты.

 

 





Яндекс.Метрика