Инфрақұрылымның дамуы

Ақтөбе облысында 190 орындық балабақша ашылды

МЖС аясында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 190 орындық балабақша ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе29 Тамыз , 10:03

Балабақша 190 балаға арналған. Жобаның жалпы сметалық құны – 430 млн теңге. Құрылыс 2013 жылдың  басында басталды, құрылыстың жалпы алаңы 2552 шаршы метр, нысан алаңы – 1 164  шаршы метр.

Әкімдікте хабарлағандай, мектепке дейінгі мекемеде балаларды дамытуға арналған барлық жағдай қарастырылған. Тұрақты жұмыс орнымен 46 адам қамтамасыз етілді.

«Балабақшаға тұратын кезекті жою облыстық және мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы  бұл мәселені шешу үшін қолдау көрсетті», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика