Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

З.Қабулдинов: Қазақстан өзін бейбітсүйгіш сыртқы саясаты бар ел ретінде таныстырады

Президент тарапынан Семей ядролық полигонын жабу қадамы ықыласпен қарсы алынды. Семей полигоны жаблған соң Қазақстан өзін бейбітсүйгіш сыртқы саясаты бар ел ретінде таныстыра бастады. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Халықтар келісім» қоғамдық қорының директоры Зиябек Қабулдинов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Тамыз , 15:42

Сарапшы айтып өткендей, биыл бұл оқиғаға 25 жыл толып отыр.

«Президенттің ядролық сынақ полигонын жабудан не ұттық? Біріншіден, Қазақстан өзін бейбітсүйгіш ел ретінде таныстыра бастады, сондықтан да еліміз бейбітшілік пен келісімнің эпицентріне айналды», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда саммиттер мен дәстүрлі дін өкілдерінің отырысы жиі өтеді.

Айта кетейік, Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық нысан болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1953 жылы мұнда сутекті бомба жарылған. 40 жыл ішінде - 1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонында 473 ядролық жарылыс болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика