Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Кәріпбек Күйіков Семей ядролық полигоны туралы естелігімен бөлісті

Қазақстандық суретші және ядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Семей ядролық полигоны туралы естелігімен бөлісті.
Астана қаласы 27 Тамыз, 14:36

Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық нысан болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1953 жылы мұнда сутекті бомба жарылған. 40 жыл ішінде - 1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонында 473 ядролық жарылыс болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Осы оқиғалардың куәгері болған қазақстандық суретші және ядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков өзінің естелігімен бөлісті.  Қайғылы оқиға бұл отбасыны да айналып өтті, Кәріпбек Күйіков қолсыз туды. Бірақ, ол  танымал суретші болуға кедергі келтірген жоқ.

- Кәріпбек, ядролық полигон орнына алыс емес жерде тұрдыңыз, отбасы мен өзіңіздің жағдайымен бөліссеңіз?

Мен Егіндібұлақта 1968  жылы Семей полигонынан 100 шақырымдық жердегі қарапайым қазақ отбасында дүниеге келдім. Мен өмірге келгенде анам ауыр жағдайды бастан кешірді, ол үш күн маған жақындай алмады. Дәрігерлер ата-анамды қасіреттен айықтыратын бір екпе салуды ұсынды бірақ, әкес дұрыс шешім қабылдап қайсарлық танытты. Ол менің бұл өмірдегі орнымды тауып беруге мүмкіндік берді. Мен ядролық тақырыпқа барлық өмірімді арнадым. Өз жұмысымда мен өз жағдайымда ғана емес, мыңдаған отбасылардың оқиғасын жеткізігім келеді. Мен бар әлемге Семей полигонында не болғанын  жеткізгім келеді, олар бұл жағдайдың алдын алғанын қалаймын. Біз әлемдегі барлық ядролық сынақты жойсақ, ешкімнен қорғанудың қажеті болмайды. Бұл мақсатқа бірге баруымыз керек. Мен ядролық сынақтардан бас тартқан алғашқы елдердің бірінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын.Ан­тиядролық қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы­нақ­ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы яд­ро­лық сы­нақ осы жылдың 19 қазанында жасалды. 

- Сіз жарылыстан кейін ауылда болған жағдай есіңізде ме?

- Менің әке-шешем бұл жарылыстың тірі куәгерлері болды. Олар қырға шыққанда жарылысты көрген, оларға тіпті ол көрініс ұнаған да болатын.  Жарық от шыққанда өте әсерлі болған екен. Ол жарылыстан кейін жауын жауған. Адамдар не болғанын түсінбепті. Бірақ, радиодан ядролық сынақ болып, жерге тарағанын айтқан екен. Кейін есім кіре өзім де куә бол­дым: біздің өңірде ауру, кеміс ба­ла­лар өте көп туатын. Мәселен, біздің үйге іргелес тұрған көршілеріміздің 6 ба­ласы болды. Олардың барлығы түрлі деңгейдегі ауытқушылықпен туған.
Біз жердің дірілінен жиі шошып оя­натынбыз. Үй шайқалып, құлар­ман болып тұрады, асүйдегі ыдыс-аяқ атаулы бір-біріне соғылып, сың­ғырлап, қаңғырлап, есімізді шы­ғаратын. Өйткені, біздің село Се­мей полигонынан небәрі 100 ша­қырым жерде орын тепкен, тиі­сінше, жарылыс толқыны алдымен біз­дің елді мекенді және тұрғын­дар­ды басып өтетін. 

-Қазір  сынақ полигонының орнында не бар?

- Мен жақында полигон орынында болдым. Қазір ол жерде далаңқай. Қондырғылар мен құрылғылардың қалдықтары қалған. Бірінші жарылыс толқыны біздің аудан арқылы өткен, біз түнде ұйықтап жатқанда шифонер мен ыдыс-аяқтың сылдырын еститінбіз. Біз арқылы радиациялық толқын өтті, жер сілкінді деген сезімге адамдар үйрене бастады.

- Сіз көп жылдан бері сурет саласыз, сіздің жұмыстарыңыздың тақырыбы қандай?

- Мен ядролық сынақтардан зар­дап шеккен жандарға суреттер сериясын арнадым. Мысалы, Берік деген азаматпен таныстым, өте ақ­жарқын кісі, үйіне қонаққа ша­қыр­ды. Оған операциялар жасап, бе­тін­дегі алапат үлкен шорлар алып тас­­талынды, бірақ сонда да ол көр­­мейді. Соған қарамастан, нағыз да­рын ретінде ол домбыра тартуды үй­ренген, пианинода да жақсы ой­найды.
Жалпы, мен өзімді кәсіби су­рет­шімін деп санамаймын. Әрбір адам өзінің хал-жағдайы мен мүм­кіндіктеріне қарай бейімделеді ғой. Өзім қолсыз туғандықтан, ал­ға­шын­да башпайларыма қарындаш қыс­тырып, әлденені кескіндеп көр­дім, бұл баланың қарапайым, қа­ра­байыр суреттері еді. Бұл іс мені еліктіріп әкеткені сонша, онымен көбірек айналыса бастадым.  Алайда, аяқпен көп сурет салу омыртқамның қи­саюына соқтырды. Сондықтан, ары қарай, негізінен, қылқаламды тісіммен тістеп, сурет салуға ден қойдым. Бұл да денсаулығыма кері әсер етіп, көз нұрыма нұқсан кел­тір­ді. Әйткенмен, мен қырық жыл ядролық жарылыстан көз ашпаған халқымның, өзімдей сынақтардан зардап шеккен жандардың қасірет-қайғысын, жанайқайын, сонымен бірге өмірге деген құштарлығын өз картиналарымда көрсетіп, дүниеге паш етуді мақсат етіп келемін.

- Сіз ядролық сынаққа қарсы  қозғалысының белсендісісіз, ең біріншіден қандай мақсатты көздейсіз?

- Біріншіден, бірінші мақсат – кез-келген қарудан бас тарту, қазір мен «Аом» жобасының құрметті елшісімін. Біздің жоба Елбасының бастамасымен ашылды, қазір біздің сайтымызда онлайн-петиция бар, кез келген адам кіріп, өз дауысын ядролық сынаққа  қарсы бере алады. Қайғы біздің халыққа жеңіс әкелді, ролигонды жаптық. Мен ядролық полигонды жеңген елде тұратынымды мақтан тұтамын.

- Сұхбатыңызға рақмет.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика