Өңірлер

БЖЗҚ Ақтөбе облысы бойынша салымшылары саны 488 мыңнан асты

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында "БЖЗҚ" АҚ АОФ директоры Жанар Шайхимова хабарлады, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат».
Ақтөбе27 Тамыз , 13:06

Ақтөбе облысында БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шот салымшыларының саны 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 488 012 бірлікті құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы салымдарынан құралады.

" Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтары туралы мәліметті салымшы Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы, электронды пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе Android, iOS және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын, смартфондарға арналған «ENPF» мобильді қосымшасы арқылы біле алады. Жарты жылда мобильді қосымшаны жүктеп алғандар саны 128 мыңға артып, 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 241,5 мыңға жетті,  - деп атап өтті Жанар Шайхимова.

Жалпы алғанда, республика бойынша, БЖЗҚ алған таза инвестициялық табыстың көлемі 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында 267,21 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда, инвестициялық табыс мөлшері шамамен екі есеге көбейді. Айта кетейік, 2015 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 141,41 млрд. теңге болған.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы шоттарының саны, барлық келісімшарттар бойынша, осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 10,15 миллионға жетті. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,22 трлн. теңгеден асты. БЖЗҚ-нан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 1 шілдедегі жағдай бойынша 96,60 млрд. теңге болса, оның ішінде 10,08 млрд. теңге сақтандыру ұйымдарына аударылған. 




Яндекс.Метрика