Адами капитал

ҚР ҚК-нің әскерлері жас офицерлермен толықты (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының түлектері және осы жылы запасқа шығарылған әскери қызметшілермен толығуы жалғасуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 27 Тамыз, 12:34

 «Астана» өңірлік қолбасшылығында 46298 әскери бөлімінің базасында жас лейтенанттармен оқу-әдістемелік жиындар өтуде.  Жиынның негізгі мақсаты жас офицерлерге лауазымды қабылдап алу, жеке құраммен жұмыс жасаудағы оқу үдерісін ұйымдастыру мен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты сапалы өткізу жөнінде қажетті білім аясын кеңейту болып табылады.

«Сіздерге республикамыздың аумағында тұрып жатқан дүйім жұрттың өміріне жауап беру үлкен жауапкершілігі жүктеліп отыр. Сіздер еліміздің алдында ғұмыр бойы ұлы абыроймен мемлекетімізді нығайтуға, дамытуға және қорғауға, баршаға және барлық жағынан үлгі болуға тиіссіздер», - деп «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жиын бастығы полковник Ермиян Бятов сөз сөйлеу барысында атап өтті. 

Жас толым әрі қарай қызмет өткеру үшін ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне келетінін айта кетейік. Сонымен, жуырда ғана Қытайдың Әскери-теңіз академиясын, Санкт-Петербор қ. Әскери-теңіз академиясы мен Құрлық әскерлерінің Әскери институтын тәмамдаған 12 жас лейтенант ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерін толықтырды.

 





Яндекс.Метрика