EXPO-2017

ШЫҰ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісім шартқа қол қойды

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы болып өтіп, отырыс барысында халықаралық ұйымның EXPO-2017 көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды, деп хабарлады СІМ.
Астана қаласы27 Тамыз , 11:37

«Жиында  ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары – Ұйым павильонының Комиссары Сабыр Имандосов көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы және ШЫҰ-ның оған қатысуы мүше мемлекеттер арасында энергетика, сондай-ақ жаңартылатын және балама энергия көздері саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 2025 жылға дейінгі ұйымның Даму стратегиясына, сонымен қатар 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сай келетіндігін атап өтті», - делінген хабарламада.

Қорытынды бойынша EXPO-2017 көрмесінің Комиссары Р.Жошыбаев және ШЫҰ павильонының Комиссары С.Имандосов ШЫҰ-ның EXPO-2017 көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.

Осылайша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы көрмеге өз қатысуын ресми түрде растаған 17-халықаралық ұйым болды. ШЫҰ-дан басқа БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНЕСКО, ЮНИДО, ЕЭЫДҰ, МАГАТЭ, Әлемдік банк, БҰҰ-ның «Тұрақты энергетика барлығы үшін» бастамасы, Энергетикалық хартия, Әлемдік мұнай кеңесі, ИСЕСКО, ОПЕК, ОПЕК Халықаралық даму қоры, ИРЕНА және ХҒТО көрмеге қатысатындығын растады.
 




Яндекс.Метрика