Энергетика

Төмен байытылған уран банкі қазақстандықтарға қауіпті емес – Жантикин

Қазақстан мен МАГАТЭ үшін ең ірі жоба республика аймағында терең байытылған уран банкін құру болып табылады. Банк ядролық дамуды ейбіт түрде қолдануға бағытталған, деді атом және энергетикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин.
Астана қаласы27 Тамыз , 11:06

«Ядролық-физикалық қауіпсіздік – МАГАТЭ-мен жұмыс істейтін бағыттардың бірі. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы физикалық қауіпсіздікті қамту жақсы жағдайда екенін мойындады. Бұл нысанмен байланысты ерекше шаралар жоқ, себебі уран банкте жатады, жұмыстың басы басталды. Сондықтан сақтау үшін тағы қосымша  қауіпсіздік шаралары бар», - деді Тимур Жантикин.

Жаңа қойма  2017 жылдың жартысында пайдалануға берілген соң ТБУБ жұмыс істей бастайды.

«Халықаралық ТБУ резервтенінің құрылуы барлық агенттік мүшелеріне ядролық жанармайды қолдануға мүмкндік береді. Банктің қызметі әрбір мемлекеттің заңдық және тәжірибелік қауіпсіздігінің қамтылуына бағытталған. МАГАТЭ Қазқастанды таңдауының себебі оның халықаралық аренадағы беделі жоғары», - деді ол. 




Яндекс.Метрика