Басқару

Данияр Елеусінов: Біз қазақ елінің жеңісті жолын жалғастыра бермекпіз

Байрақты бәсекеде спортшылар Қазақстанның жеңісті жолын жалғастыра береді. Бұл туралы Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов ХХХІ жазғы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдергерлерінің қатысуымен өтіп жатқан құрмет көрсету шарасында мәлімдеді.
Астана қаласы26 Тамыз , 17:24

 «Тұңғыш рет Олимпиадада 17 медаль жеңіп алдық. Мен Сіздің және еліміздің үмітін ақтағаным үшін бақыттымын. Жеңіс тұғырында тұрған сәтімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әнұранымыз шырқалған кезде Сізден жедел хат алдым. Сіз әрбір спортшыға қамқорлық жасайтын және спортшылардың жеңісіне қуанатын бірден-бір Президентсіз», - деді ол.

Сонымен қатар, Рио Олимпиадасының жеңімпазы Елбасыға алғысын білдірді.

«Аса құрметті Елбасы, менің жасым 25-те. Тәуелсіздіктің құрдасымын. Тәуелсіздік перзенттері барлық салада үздік болу үшін Сіз барлық күш-жігеріңізді жұмсап келесіз. Бұл Сіздің және барша қазақстандықтың жеңісі. Біз, спортшылар еліміздің жеңісті жолын әрқашан жалғастыра береміз. Алға, Қазақстан», - деді бокстан Қазақстан құрамасының капитаны.

Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғады.

 




Яндекс.Метрика